Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау

Сәйкестендіру әдісі, сапаның, санның және өлшемнің бірлігі

 

Нормативтік материалдар сапасы критерийлерінің бірі - оларды сәйкестендіру. Сәйкестендірудің дәрежесін және сатысын айыру қажет.

Сәйкестендіру дәрежесі нормативтерді қолдану жөнінен кеңістіктік - уақытша қатынастарға қатысты бөлінеді. Сәйкестендірудің сатысы функционалдық нормативтік өлшемдердің бірлігіне байланысты бекітіледі.

Кеңістіктік қатынастар. бір жағынан әлеуметтік-экономикалық қатынастарды нормативтік реттеудегі біркелкі тәртіпті білдірсе, екінші жағынан материалдық объектілердің ұзақтығын көрсетеді.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың нормаларын сәйкестендіру түрлері: салалық, салааралық, бірыңғай, халықаралық.

Уақытша қатынастар - бірін-бірі ауыстыратын оқиғалар мен олардың ұзақтығының тәртібі. Реттелетін қатынастардың, қатынастар субъектілерінің мазмұны өзгергенде нормалар да қайта қаралуы тиіс.

Нормаланған экономиканың кеңістіктік - уақытша қатынастары өндірістік қатынастарда бірыңғай және әмбебап болып саналады. Бірде бір материалдық объект кеңістіктен және уақыттан тыс тіршілік ете алмайды. Кез келген объект бір бағытта ғана дамиды - өткеннен болашаққа қарай, ал толық білім - заттың түпкілікті тұтастығы туралы білуді талап етеді.

Білім - бұл өткен, бастан кешкен тәжірибе жайлы естелік және алдағы тәжірибе жайлы біршама дұрыс түсінік. Егер адамда ондай мүмкіншілік болмаса, егер өткеннен бөлініп алынып, болашақта ешқандай бағдары белгіленбесе, ол қоғамдық құбылыстардың нақты ахуалын объективті бағалай алмайды.

 

Скачать реферат / Рефератты жүктеу

Категория: Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау | Добавил: Manager (09.04.2015)
Просмотров: 240 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0