Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау

Танымдық қызметтің әр түрлі тәртіптегі ішкі ұстанымдары

 

Танымның күрделі әдістемелік проблемасының мәні экономикалық танымның дамуын танымдық кызметтің әр түрлі тәртіптегі ішкі ұстанымдарының ауысуы ретінде қарастырған жағдайда оңайырақ шешіледі. Әр ұстанымға белгілі бір қағида төңірегінде өзіндік, білімнің ерекше "формулировкасы" сәйкес келеді.

Олардың ең қарапайымы - жеке заттың жүйе ретінде болуы; күрделірегі - макро- немесе микрожүйенің және заттың оның элементі ретінде болуы; ең күрделісі - көп жүйелі кешендер, яғни жинақталған және түрлі объектілі шындық пен өзі өмір сүріп отырған ортадағы тәжірибені танымының алғышарты деп бағалауында.

Объектілердің түрлері бойынша бұл бөлінуге объектіні сипаттау жолына бағдар беретін теориялық танымның белгілі типологиялық нысандары да сай келеді.

Бірінші нысан өз фокусы тұрғысынан жеке алынған заттың өзін оған тән белгілер мен сілтеуіштер жиынымен қарастырады, әрбір объект бойынша факторлық және нәтижелік белгілердің толықтай жиынтығы тіркеледі.

Танымның екінші нысанының фокусы ретінде "түрі", "тегі", құбылыстар, белгілер, сілтеуіштер жүйесін құраушылар болып табылады. Ал оларды сипаттаушы жеке құбылыстар, белгілер және сілтеуіштер бүтіннің құрылымдық немесе функционалдық бөлігі, оның элементі, компоненті болып саналады.

 

Скачать реферат / Рефератты жүктеу

Категория: Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау | Добавил: Manager (09 Апрель 2015)
Просмотров: 224 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0