Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау

Топырақ құнарлылығы қасиеттерінің көрсеткіштері мен сілтеуіштерін бағалау өлшемдері

 

Қазақстан жеріндегі топырақтың негізгі түрлері аймақтық-экологиялық топтарға және ылғалдандыру жағдайларына байланысты топталған.

Әр аймақтық-экологиялық топ өсімдіктер түрімен, топырақтың жоғарғы бетінен 20 см тереңдіктегі температуралар қосындысымен, сол тереңдіктегі (ай сайынғы) топырақтың қату ұзақтығымен және ылғалдану коэффициентімен сипатталады.

Аймақтық-экологиялық топтар ішінде топырақтардың биофизикалық - химиялық ерекшеліктері (қарашіріктің, қоректік заттардың құрамы, топырақтар реакциясы, сортаңдануы және т.б.) және ылғалдану жағдайы бойынша бөлінеді.

Топырақ құнарлылығының эталондық дәрежесін және жекелік коэффициентін анықтау үшін топтары мен градациялары кестелерде көрсетілген топырақ құнарлылығының келесі тұтыну көрсеткіштері мен көрсеткіштер мөлшері қолданылады:

• аймақтық-экологиялық топтар және топырақтарды ылғалдандыру жағдайы;

• 0-20 см, % топырақ қабатындағы қарашірік мөлшері;

• 0-20 см, мг/кг топырақ қабатындағы гидролизденуші азоттың топырақтағы мөлшері;

• 0-20 см, мг/кг топырақ қабатындағы фосфордың қозғалмалы мөлшері;

• 0-20 см, мг/кг топырақ қабатындағы калийдің қозғалмалы мөлшері;

 

Скачать реферат / Рефератты жүктеу

Категория: Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау | Добавил: Manager (09.04.2015)
Просмотров: 260 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0