Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау

Топырақ құнарлылығының түрлері және оның ұдайы өндірісі

 

Құнарлылық ұғымына өсімдіктердің қоректік элементтерге, суға деген мұқтаждығын, олардың тамыр жүйесінің жеткілікті мөлшерде ауамен, жылумен және қалыпты өсіп дамуы үшін қолайлы физикалық-химиялық ортамен қамтамасыз ету қабілеті жатады.

Топырақ құнарлылығының факторлары мен шарттары бар. Алғашқысына өсімдіктердің азотты және күлді қоректену элементтері су, ауа және жартылай өсімдіктердің өсіп-өнуінің жылу алмасу топырақ факторлары жатса, екіншісіне өсімдіктерді физикалық-химиялық факторлармен (физикалық және физикалық-химиялық ерекшеліктер, улағыш заттардың болуы және басқалар) қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтаушы ерекшеліктер мен режимдердің күрделі өзара әрекеттерінің жиынтығы жатады.

Құнарлылық деңгейіне байланысты аса маңызды параметрлерге топырақ режимінің мынадай нақты көрсеткіштері мен тікелей сілтеуіштері жатады: температуралық, су - ауалық, қоректік, физикалық-химиялық, биохимиялық, тұздылық және тотықтандыру - қалпына келтіру.

Құнарлылық режимінің параметрлері өз кезегінде климаттық жағдайға, топырақтың агрофизикалық ерекшеліктеріне, олардың механикалық, минералдық және химиялық құрамына, қоректік элементтердің әлеуетті қорына және олардың қозғалу нысандарының болуына, мөлшеріне, қарашіріктің құрамы мен қорына, микробиологиялық процестердің өнімділігіне, реакцияға және басқа да физикалық-химиялық ерекшеліктерге байланысты.

Құнарлылық түрлері

Құнарлылықтың мынадай түрлері бар: жаратылыстық немесе табиғи; жасанды; тиімді немесе экономикалық, әлеуетті.

Жаратылыстың құнарлылық табиғаттың топырақ жасау процесінің дамуымен байланысты адам әлі бұзып үлгермеген топырақ ерекшеліктері мен режимдерінің күрделі өзара әрекетімен анықталады. Таза түрінде ол тың топырақтарға тән және топырақта өсіп-өнетін ценоздардың өнімділігімен сипатталады.

Жасанды құнарлылық адамның әсер етуінен туындаған, топырақтың ерекшеліктері мен режимдеріндегі сандық және сапалық өзгерістермен сипатталады.

Тиімді немесе экономикалық құнарлылық - бұл жасанды құнарлылық пен жаратылыстық құнарлықтардың бірігуі. Тиімді құнарлылық көп жағдайда өндірісте топырақты пайдалану жағдайына, тек табиғи құнарлылықтан ғана емес, ғылым мен техниканың және олардың жетістіктерін жүзеге асыру жағдайына да тәуелді. Ол әлеуметтік-экономикалық қатынастармен тығыз байланысты.

Әлеуетті құнарлылық өсімдіктердің қоректік элементтерінің жалпы қорымен, олардың қосындыларының нысандарымен және тиімді құнарлылықтың жоғары дәрежесін ұстап түру және ұзақ уақыт бойы қоректік элементтермен өсімдіктерді қажетті мөлшерде қамтамасыз етумен, топырақтың қолайлы жағдайда өсімдіктерді басқа да топырақ факторларымен (сумен, ауамен, жылумен) қамтамасыз ететінін анықтайтын барлық басқа ерекшеліктердің күрделі өзара әрекетімен сипатталады.

Топырақ құнарлылығын қалпына келтіру

Құнарлылықтың сапалық және сандық факторлары мен жағдайының өзгеру себебі өзге күйге айналумен, шоғырланумен және зат ауысу процестерімен тығыз байланысты. Бұл өзгерістер құнарлылықтың қолайлы бағытта дамып және оның артуына әкелетін (қоректік элементтерді жинақтау, олардың өсімдіктер үшін қолайлырақ нысанға ауысуы, құрылымының жақсаруы және т.б.) немесе құнарлылықтың төмендеуіне әкелетін (қоректік элементтердің шығыны, олардың жайсыз нысандарда бекітілуі, құрылымның бұзылуы және т.б.) қолайлы емес жағдайларда болуы мүмкін. Қандай да бір уақыт аралығында топырақ қасиеттерінің өзгеруі құнарлылықтың салыстырмалы бастапқы деңгейіне де әкелуі мүмкін.

Сондықтан, белгілі бір уақыт аралығында құнарлылықтың өзгеруі оны қалпына келтірудің толық емес, қарапайым және кеңейтілген түрлерінде болады.

Құнарлылықты бастапқы деңгейден төмен қалыптастыру топырақ құнарлылығын толық емес қалпына келтіруді білдіреді.

Топырақ құнарлылығын бастапқы деңгейге қайтару құнарлылықты қарапайым қалпына келтіруді білдіреді.

Бастапқы деңгейден жоғары көтеру топырақ құнарлылығын кеңейтілген түрде қалыпқа келтіруді көрсетеді.

Адамның саналы, мақсатты қызметіндегі мәдени топырақ өңдеу процесі топырақтың жақсаруына және құнарлылықтың артуына әкеледі. Бұл принциптің бұзылуы топырақ құнарлылығының жойылуына әкеліп соқтырады (эрозияның дамуы, сортаңдану процестері, қарашіріктің шығыны, топырақ құрылымның бұзылуы).

Сондықтан интенсивті егін шаруашылығы жағдайында топырақты тиімді қолдану міндеті - топырақ құнарлылығының кеңейтілген түрде қалпына келтірілуін қамтамасыз ету, яғни бір мезгілде тиімді және күшті құнарлығын арттыру.

 

 

Категория: Агробизнес әлеуетін экономикалық бағалау | Добавил: Manager (09 Апрель 2015)
Просмотров: 423 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0