Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

«Қазақ тілі» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке  тұлға қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсуді және оқушының ойлау қабілеті мен дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрін, қазақша сөйлеу әдебін, қазақ әдебиеті үлгілерін меңгертуді көздейді және алған білімдерін өмірдің қажетті жағдаяттарына сай қолдана білуге үйретеді. 
«Қазақ тілі» пәні оқушыларды қазақша өз ойын, сезімін білдіруге, танып-білген нәрселерін қазақша  санасына түюге, пікір алысуға, оқыған, көрген не білген нәрселері туралы достарымен, үлкендермен өз ойымен бөлісуге, армандары мен мақсаттары туралы ойын еркін жеткізіп айта білуге, репродуктивтік, продуктивтік, проблемалық, шығармашылық жаттығуларды орындата отырып үйретеді. Аудиовизуалды оқу материалдарын тыңдап, түсініп, көріп, түсініп, берілген мазмұндағы негізгі ойды анықтайды және оған қатысты өз көзқарасын ауызша немесе жазбаша түрде білдіреді. Көркем-әдеби, ақпараттық-танымдық сипаттағы мәтіндерді өзінің оқу мақсатына сай іріктеп, оқу тапсырмасы бойынша талдаулар жасап,  ой қорытындысын жасауға үйренеді, қысқа мәтіндерді жазуға дағдыланады. 
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі» пәні бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) негізге алып айқындалған және әр деңгейдің соңында күтілетін нәтижелер берілген. 
 «Қазақ тілі» пәнін оқытудың түпкі мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін және тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білетін жеке  тұлға қалыптастыру. 
«Қазақ тілі» пәнін оқу арқылы оқушылар: 
-    мемлекеттік тілге құрмет сезімін және Қазақстан халқына деген сыйластық сезімін қалыптастырады;
-    қазақша сөздік қорын үздіксіз дамыту әдістерін меңгереді;
-     қазақша сауатты сөйлеу дағдыларын қалыптастырады; 
-     сөздерді тіркестіру және жай сөйлемдер құру, айту біліктері негізінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасады;
-     жалпы дүниетанымдық қабілеттерін дамытады; 
-     тұрмыстық, оқу, әлеуметттік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени салаларда туындайтын түрлі сөйлеу жағдаяттарына сай қарым-қатынас жасауға дағдыланады;
-     меңгерген қазақша тілдік білім мен коммуникативтік іс-әрекеттеріне сүйене отырып, өзгелермен еркін қарым-қатынасқа түседі; 
-     қазақ тілінің  қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; 
-     тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын  дамытады.
 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (26 Ноября 2017)
Просмотров: 190 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar