Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту

ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей т.б.) арналған қазақ тілі пәні бойынша кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі қауымдастықта тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті әлеуметтенген тұлғаны, азаматты, қазақша тілдік тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазақша сөйлеу-сөйлесу, жазу түріндегі қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру қажет. Мұндай ортада оқушының тілдік  тұлғасы өз ойын қазақ тілінде ауызша және жазбаша түрде еркін білдіре алатындай болуы үшін түрлі формадағы қатысым түрлерін үйрету маңызды болып табылады. Оқу бағдарламасы оқушылардың  коммуникативтік дағдыларын дамытуды көздейді. 
Бағдарлама оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен қазақша қарым-қатынас  жасау барысында қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін сауатты пайдалануын қамтамасыз етеді.
«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым  әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-    тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;
-    таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;
-    алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру; 
-    белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)
-    бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;
-    ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;
-    берілген тақырыпқа диалог құрастыру;
-    экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).
«Қазақ тілі» пәнінде оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-    көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу; 
-    мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;
-    интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);
-    әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);
«Қазақ тілі» пәнінде жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-    қысқаша хабарлама жазу;
-    тыңдалған\ оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу; 
-    белгіленген суреттер, диаграмма түрінде ақпарат ұсыну;
-    сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу; 
-    сұхбатқа сұрақтар дайындау.
 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (26 Ноября 2017)
Просмотров: 247 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar