Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы

«Қазақ тілі» пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау  жүйесін қолданумен жүзеге асырылады. 
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және (оқушылар, мектеп әкімшілігі, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар және басқа заңды өкілдер) және оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға көмектесетін бастауыш білім беру мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетін бағалау үрдісі.  
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. 
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы (ағымдық) бағалау (ҚБ)  және  ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.  
    Қалыптастырушы бағалау -  бұл оқушылардың жаңа материалды меңгеру кезенде тапсырманы орындау мен оқу мақсаттарына қаншалықты дұрыс жеткендігін түсінуге мүмкіндік беретін және күнделікті сабақта және/немесе үйде  жұмыс жасау дағдылары мен білімдерінің ағымдағы меңгеру деңгейін анықтайтын және оқу барысында мұғалім мен оқушы арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын бағалау. 
Ішкі жиынтық бағалау – оқушылардың оқу тоқсанын аяқау бойынша оқу бағдарламасының бөлімдерін меңгерудегі дағдаларының қалыптасуы және меңгерген білімдерінің деңгейін анықтайтын бағалау. Ішкі жиынтық бағалау мектеп мұғалімдері тарапынан жүзеге асырылады.
    2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. Тоқсандық баға 1-4 тоқсан кезінде қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша қойылады. Ішкі жиынтық бағалау жыл соңында бір рет өткізіледі және жылдық баға қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудың белгілі  пайыздық үлесіне байланысты қойылады. 
3-4 сыныптарда оқушылардың оқу нәтижесі төмендегідей түрде көрсетіледі:  
-     қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша  тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен әр тоқсанның соңында қойылатын  тоқсандық баға түрінде;
-    төрт тоқсандағы қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тағайындалған пайыздық арақатынастың есебімен пән бойынша қойылатын жылдық баға түрінде. 
 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (26 Ноября 2017)
Просмотров: 40 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar