Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Үштілділік  саясатын  жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, коммуникативтік, лингвистикалық құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Бұл мақсатқа жету үшін білім беру ұйымдары үш тілді оқытуды жүзеге асырады. 
1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үштілді оқу оқушының сөйлеу әрекетінің (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерін дамыту арқылы қазақша еркін және сауатты сөйлеу, жазу коммуникативтік дағдыларын  қалыптастыруға бағытталған.


Мектептердің үштілді оқыту бағыты  тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үштілді  оқыту бағытының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі» пәні бағдарламасының келесі тармақтарында көрсетілген:
-     «Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ), мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған.
-    «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында  (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым түрлерін жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
-    «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында  (9-тармақ) бағалау тілі белгіленген.
 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (26 Ноября 2017)
Просмотров: 31 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar