Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Силлабус қазақ тілі мен әдебиеті тұлғалық бағдарлы оқыту

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ тілі кафедрасы

Келісілген:

   Факультет деканы

____________________

ф.ғ.д., проф. Қ. Әбдезұлы 

     

        

  "_______"___________2011 ж.

Университеттің

ғылыми-әдістемелік кеңесінде

бекітілді

Хаттама  №___ « ____»_______ 2011ж.

Оқу жұмысы жөніндегі проректор

___________________ Балақаева Г.Т.

"_______"________________2011 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Қазақ тілі мен әдебиеті

_______________________ ______________________________

                          

Мамандық:  5В050400 журналистика; 5В042200 баспа ісі, 5В042100- дизайн; 5В051400 қоғаммен байланыс

                Оқу түрі:           күндізгі

Алматы, 2011

Кафедра мәжілісінде қаралып ұсынылды ___________________________________________________________

 «___ » __________________ 2011 ж., хаттама №____

Кафедра меңгерушісі _________________ А.Б. Салқынбай

                                           

Факультеттің әдістеме кеңесінде  ұсынылды

     

     «___ » ________________ 2011 ж., хаттама № ____

Төрағасы  ________________________ С.Ш. Ақымбек

                                                      

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

«Журналистика» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

     

              Филология факультетінің

              Ғылыми кеңесінде бекітілді

              №____хаттама  « ____»________ 2011 ж.

              Факультет деканы _________Қ.Әбдезұлы

 Негізгі элективті модуль 2  «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 кредит бойынша

 

СИЛЛАБУС

Пән

«KAZ 1003» - «Кәсіби қазақ тілі» (3 кредит)

«KAZ 1002» - «Қазақ тілі мен әдебиеті» (3 кредит)

І курс, қ/б,  көктемгі семестр

Оқытушы:  Салқынбай  А.Б. ф. ғ. д., профессор

Жұмыс орны: мемлекеттік тіл кафедрасы, 326-кабинет

Телефоны: жұм.: 3773336 (1325), ұялы тел.: 87018333651

e-mail:  asalkbek@mail.ru

МОДУЛЬ МАЗМҰНЫ

Мақсаты:

            Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық даму деңгейі, басқа елдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықта ықпалының артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, өз елінің тарихи құндылықтары тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ғаламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын мамандарды даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Мемлекеттік тілді меңгерген  білікті мамандарды қалыптастыру, даярлау оқу мазмұнының негізгі міндеті. Осыған орай, мемлекеттік тіл мен әдебиетінің мағынасы мен мазмұнын толықтай меңгеру, қазақ мәдениетімен, әдебиетімен сусындап, ұлттық құндылықтарды меңгеру - әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат үшін басты мұрат.     

 Модульде тілдік құзіреттілікті қалыптастыру коммуникативті-функционалдық грамматикаға негізделеді. 

Міндеттері: 

тілдік білім берудің негізгі құзіреттілігі және оның нәтижелі болуы;
коммуникативтіфункционалдық бағыт;
пән мазмұнының сала, тақырып, шағын мәтін және қатысымдық типтік жағдаяттарынан құралған когнитивтілингвомәдени кешен түрінде берілуі;
тілдік құзіреттілікті анықтаудың параметрлік өлшем бірліктерін көрсету.


ЖАЛПЫ ҚҰЗЫРЕТ

құралдық: 

– мемлекеттік тіл – қазақ тілін өзара қарым-қатынас пен мәдениетаралық қатысымда  қолдана алу;

- қазақ тіліндегі ғылыми және публицистикалық мәтін мазмұнындағы ақпараттарды толық түсіну; алған мәліметтерді кеңейту; өз көзқарасын дәлелдеу мақсатында немесе түрлі мәселелерді шешуде қолдана алу;

- қазақ тілін меңгертуге арналған мультимедиалық, электронды оқу кешендерін тіл үйрену барысында ұтымды қолдана білу;

- БАҚ, сайттардан алынған материалдарды сұрыптап, өңдей алу, қатысымда қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

тұлғааралық: 

 мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілін құрметтеу және  толеранттық негізінде тұлғааралық және мәдениаралық қатысымға қабілеттілік, ұлтаралық, мәдениетаралық қарым-қатынас ережелерін сақтай отырып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін нығайтатын ресми шараларға қатысуға, қолдануға, іске асыруға қабілетті болуы.
 әр студентпен тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы негізінде жүйелі жұмыс  жүргізу арқылы олардың отансүйгіштігі мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін дамыту.  


жүйелілік: 

– қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, талқылау үшін пайдалану,

- тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік‑экономикалық, мәдени‑тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық‑құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік

пәндік құзірет:

 - тіл білімі мәселелерін: олардың негізгі лексика-грамматикалық түсініктерін,   олардың басқа ғылымдармен байланысын, қазақ тілінің даму тенденциясы мен қазіргі жағдайын, Қазақстандағы тарихи‑мәдени және тарихи‑әдеби үдерісті меңгеруге қабілеттілік.

- қазақ тілінің жүйесін пысықтау, қазақ тіл бірліктерінің құрылымы мен қолданылуы барысында халықтың тарихы мен мәдениетімен байланыстыру, ауызша және жазбаша мәтіндерді құрастырғанда берілген коммуникативті жағдаяттарға байланысты іргелі білімдерді қолдану қабілеті

-  компьютермен өңделген мәліметтерді; түрлі типтегі мәтінді редакциялау, тілдік әдіс-тәсілдерді  қолдану, филологиялық ақпараттарды жинауға, сақтауға және өңдеуге арналған ақпараттық технологияларды жүзеге асыруға қабілеттілік.

- филология ғылымындағы жаңа жетістіктерді өз мамандығына бейімдеп тиімді меңгеруге дайындық.

Пререквизит: Қазақ тілі пәні

Постреквизит: Іскери қазақ тілі

Қазақ тілі мен әдебиеті

ПӘН МАЗМҰНЫ:

Мақсаты: мемлекеттік тіл мен әдебиетінің мағынасы мен мазмұнын толықтай меңгеру, қазақ мәдениетімен, әдебиетімен сусындап, ұлттық құндылықтарды терең түйсіну; студенттердің қазақ тіліндегі грамматикалық білімін бекіту және сөйлеу әрекетін дамыту, әдеби тілде сөйлеу мәдениетін тереңдету.

Міндеттері:  

сөздік қорды толық пайдаланып, әдеби тілде жақсы сөйлеуге баулу; 
белгілі тақырып бойынша өз ойын дұрыс жүйелі түрде айта алуы мен көркемдік құралдарды пайдалана алуы;
мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді  көркем шығармаларды оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру;
 көркем шығармалар арқылы ұлттық білім мен білікті бойына сіңіру.
Құзырет:

мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін таңдап алып, оны өмірде қолдана білу;
кез келген жағдайда өз бетінше шешім қабылдай білу және оны мемлекеттік тілде таңбалай алу;
проблеманы танып, оны шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде жеткізе білу; 
мемлекеттік тілде өзіндік көзқарасын таныта білу, оны дәлелдеп, қорғай білу; мемлекеттік тілде шешен сөйлеуге дағдылану;
өзінің алған білімі мен білікдағдыларын, қазақ тіліндегі сөздік қорын үнемі дамытып отыру.


ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ, КӨЛЕМІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Апта

Дәріс тақырыбы

Сағат саны

СОӨЖ тапсырмалары

І модуль

1.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Елбасы – мемлекеттік тіл туралы

3

 Елбасы Жолдауларындағы мемлекеттік тілге қатысты деректерді жинақтау, зерделеу.

2.

Жазу – мәдениет негізі.

Қазіргі қазақ жазуы: кирилица ма әлде латын қажет пе?

 

3

Қазақ жазуының тарихына қатысты деректерді талдау. Жазу алмасуындағы басты себептер мен нәтижелерді саралау. «Өркениет және латын жазуы», Интернеттік жүйе және латын жазуы – тақырыптарына эссе, ойтолғау

3.

 Қазақ әдебиетінің тарихи бастаулары

3

Фольклорлық шығармаларға талдау. Эпикалық, лиро-эпикалық шығармаларды оқу.

4.

 Шежірелер ізімен. Қазақ шежірелеріне шолу.

«Қазақ» этнонимінің төркіні  

3

Қазақ этнонимінің төркініне қатысты ақпараттарды тауып, сараптама жасап, өзіндік пікірілерін білдіру.

Реферат тақырыптары: Сен өз шежіреңді білесің бе? Ру тарихы – халық тарихы.

5.

Абай шығармаларындағы эстетикалық концептер

3

Абай өлеңдерін білу, жаттау, ондағы эстетикалық толғамдарды таразылау: 1.Абай өлеңдерін жатқа оқу; 2. Абай өлеңдеріндегі семантикалық концептерді саралау;

ІІ модуль

6.

Ғ. Мүсрепов шығармаларының көркемдік-танымдық  ерекшеліктері

1.Ғ.Мүсрепов  шығармашылығындағы ана- әйел бейнесінің сомдалуы;

2. «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне»  шығармаларын оқу, мазмұндау.

3. Ғ. Мүсрепов шығармаларындағы – тұрақты тіркестер, метафора, теңеулерге ғылыми талдау жасау.

7.

Аралық бақылау
2

1

Әр студентпен тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы негізінде жүйелі жұмыс істеу арқылы  студенттердің өзіндік жұмыстарын тексеру және бағалау.

8.

Абай шығармаларындағы имандылық концептері

3

1. Абай өлеңдеріндегі имандылық ұғымының беріктігі;

2. Абайдың Қара сөзіндегі имандылық концептісінің негізгі шарттары;

9.

 Шаһкәрім шығармаларындағы ұлттық болмыс

3

1.Шаһкәрім шығармаларын-дағы ұлттық болмыстың көріністерін нақты деректермен көрсету.

2. Өлең жолдарын пайдалана отырып, ұлттық болмысты анықтайтын негізгі концептерді көрсете талдау.

10.

 Абай және Шаһкәрім шығармаларындағы ұлттық  болмыс пен адамзаттық таным

3

Абай мен Шаһкәрім шығармаларындағы ортақ таным – адамзат баласы болуды көксеу екенін зерделеу.

Адамзаттық таным және Абай;  Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп -   реферат, ойтолғау  жазу.

ІІІ модуль

11.

Қасым Аманжолов  шығармаларындағы елдік, патриоттық  ұғымдар

3

Қасым ақынның  шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер  негізінде ақын шығармашылығына талдау жасау.

Қасым ақын өлеңдерін жақта білу.

12.

М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясындағы этнографиялық үлгілер

3

М. Әуезовтің «Абай жолын» толық оқып шығып, ондағы этнографиялық үлгілерге талдау жасау, көркемдік концепциясын көрсету. Қазақ өміріндегі бүгінгі этнографиялық үлгілердің сақталуы - өмірде ме, мұражайда ма?

13.

М. Мақатаев өлеңдері және қазақ поэзиясының даму жолдары

3

М. Мақатаев өлеңдеріндегі туған жер концептісі. Мұқағали ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа білу.  Өлең мен өмір жырының бірлігі – Мұқағали шығармашылығында – ойтолғау.

14.

О. Бөкей шығармашылығы. Қазақ әдебиетінің бүгінгі болмысы.

«Мұзтау», «Атаукере» т.б. шығармаларын оқу;

О. Бөкей шығармашылығының басты құндылығы, көркемдік ерекшелігі жөнінде  реферат жазу. 

15.

Аралық бақылау

2

1

Аралық бақылау

45 сағат

БІЛІМ ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПӘННІҢ НЕГІЗГІ ҰҒЫМЫ

 Қазақ тілі пәнінің негізгі ұстанымдарының бірі – студентті өзінділік пен дербестікке баулу. Бұл қағида дәстүрлі репродуктивтік білім емес, құрастырылған (конструктивтік) білімге негізделген.  Яғни, студенттің дайын ақпаратты есте сақтап, қабылдауы, оған дайын жауап беруі еш қуатталмайды. Керісінше, одан берілген ақпаратты белсенді әрекеттер арқылы жан-жақты қарастырып, зерттеуі талап етіледі. Студентті кез келген мәселеге байланысты өзіндік ой-пікір құрастыруға, сыни ойлау дағдысын қалыптастыруға ынталандыру көзделеді. Қазақ тілі сабақтарында әр студент – жеке тұлға. Сабақ барысында берілген жауаптар дұрыс немесе бұрыс деген тұрғыдан бағаланбайды, өйткені мұнда айтылған әрбір ой құнды. Мұндай атмосферада жұмыс істеген студент, әрине жігерлілік те таныта алады.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

Пәннің атауы

Авторы және оқулықтың аты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасындағы саны

негізгі

қосымша

11

Қазақ тілі мен әдебиеті

Абай шығармалары

100

2

Қазақ тілі мен әдебиеті

Шәкәрім. Таңдамалы  шығармалары

50

3

Қазақ тілі мен әдебиеті

Әуезов  М. «Абай жолы», Әңгімелері

50

4

Қазақ тілі мен әдебиеті

Мүсрепов   Ғ.  Таңдамалы шығармалары

50

5

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қасым Аманжолов Таңдамалы шығармалары

50

6

Қазақ тілі мен әдебиеті

О. Бөкей «Атау кере»

50

7

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазіргі қазақ тілі Салқынбай А.Б. Алматы, 2008

30

8.

Қазақ тілі мен әдебиеті

Тіл. Таным. Білім.Салқынбай А.Б. Алматы, 2008

30

9

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы   Жинақ. Алматы, 

Intranet KAZNU

10

Қазақ тілі мен әдебиеті

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық рух Ө. Әбдіманұлы Алматы. 2011.

50

СӨЖ / СОӨЖ бойынша тапсырма түрлері  және әдістемелік ұсыныстар

Берілген тақырып, тапсырма бойынша презентация дайындап, сабақта таныстыру;
Студенттердің бір-бірімен ұйымдастырған іскерлік ойын (рөлдік ойын) форматында консультация өткізу;
Студенттердің бір-бірінің жазба жұмыстарына пікір жазып рецензиялауы;
Берілген тақырып бойынша топ студенттері ішінде пікірталас өткізу;
Белгілі бір тақырып бойынша ақпарат жинау;
Берілген тақырып бойынша статистикалық мәліметтерді талдау;
Берілген тақырып бойынша сұхбат жүргізу; 
Белгілі бір тақырыпқа сәйкес әдейі құрылған тосын жағдайлардың шешімін табу және т.б. 


Білім мен құзыретті бақылау түрлері:

Бақылау жұмыстары: семестрде 2 жұмыс (кредиттердің саны бойынша – 1 кредитке 1жұмыс есебінен).
СӨЖ: жеке және топтық тапсырмалар СӨЖ ұйымдастыру технологиясына байланысты (реферат, презентация, эссе, жобаны қорғау, аналитикалық шолу және т.б. тапсырмалар жобалық-зерттеу сипатында).
АБ: 2
Аралық бақылау: емтихан емтихан сессиясы кезінде.

Аралық бақылау пәннің мазмұнына кіретін теориялық және практикалық сұрақтар бойынша жүргізіледі (7, 14 апта).

Модульдің пәндері бойынша кеңесті оқытушының кеңсе-сағаты (СОӨЖ) уақытында алуға болады.

Аралық бақылау кестесі

1-кезең

Бақылау

Өткізу түрі 

Өткізу уақыты 

Ең жоғары балл (максимум балл)

Тапсырмалар

№1 аралық бақылау

жазбаша

7 апта

5

1-7 аптада өткен тапсырмалар бойынша ұсынылған тақырыптардың біріне тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді пайдалана отырып, эссе жазу:

1. Тіл өркениеттің жемісі

2. Ғажап қазына еліңде, жеріңде, тіліңде.

3. Ана тілім әлемім

  №2 аралық бақылау

ауызша

14 апта

5

Берілген тақырыптардың бірі бойынша жағдаяттық сұхбат дайындау:

1. Ел тәуелсіздігі – тіл тәуелсіздігі  

3. Елім қандай десең салтыңды біл

3. Адамның жақсы болмағы өзінен 

*Аралық бақылау (жазбаша немесе ауызша) және емтихан өткізу формасы – жазбаша

Білім және құзіретті бағалау тәртібі

Студент жұмысының және сабақтың  түрлері

%

1

Бақылау жұмыстары

     5+5

2

Практикалық сабақтарға қатысуы және белсенділігі

     20

3

Жеке және топтық  тапсырмалар (СӨЖ)

     30

4

Аралық  бақылау(емтихан)

     40

                                                    БАРЛЫҒЫ:    100  %

Білімді бағалау шкаласы:

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

%-дық

құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

«Өте жақсы»

А-

3,67

90-94

 В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

I
(Incomplete)
-
-
«Пән аяқталмаған»
(GPA санағанда есептелмейді)
P
 (Pass )
-
0-60
65-100
«Сынақ»
(GPA санағанда есептелмейді PA)
NP
(No Рass)
-
0-29
0-64
«Сынақтан өтпеді»
(GPA санағанда есептелмейді)
W
(Withdrawal)
-
-
«Пәннен бас тарту»
(GPA санағанда есептелмейді GPA)
AW
(Academic Withdrawal)


«Академиялық себептермен пәннен шығарылуы
(GPA санағанда есептелмейді)
AU
(Audit)
-
-
«Пән тыңдалды»
(GPA санағанда есептелмейді)


Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясатына сәйкес студентке қойылатын талаптар

Толерантты болу, басқалардың пікірін құрметтеу;
Даулы мәселелерді реттеу барысында қарсылықты нақты тұжырымдау; 
Плагиат және басқа да әділетсіздіктерге жол бермеу;
СӨЖ, аралық бақылау және емтихан тапсыру барысында көшіріп алуға, өзгелерден  көмек сұрауға,  дайын  сұрақ жауаптарын алып пайдалануға, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол бермеу;
*Курстың кез келген мәліметін бұрмалаған студентттің алатын бағасы –  «F»

Кафедра мәжілісінде қаралды

2011  ж «____» ____________ , № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі                                                     ф.ғ.д., проф.  А.Б.Салқынбай 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (25 Ноября 2017)
Просмотров: 196 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar