Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби ортада, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған: 
˗    Қазақстан Республикасы үшін, Отаны үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
˗    Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы туралы білімін кеңейту;
˗    қазақ тілі арқылы қазақ халқының тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне құрмет сезімін қалыптастыру;
˗    Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттерді құрметтей білуге үйрету;
-    өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;
-    оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, өз пікірі мен өзгелердің пікірін, өз көзқарасы мен өзгелердің көзқарасын салыстыра отырып, өз ойын ашық жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру; 
-    Қазақстан халқының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;
-    көп ұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу және белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастырылады.
 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (26 Ноября 2017)
Просмотров: 57 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar