Главная » Статьи » Рефераты на казахском языке » Қазақстан және қазақтар туралы

Тіл. Қазақ тілі. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік тілі

ТІЛ 
 ҚАЗАҚ ТІЛІ 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ

 1-тапсырма. Ой шақыру. Келіңіз, пікірлесейік!
 
–    Қалай ойлайсыз, тілдің қоғамдағы ролі қандай?
–    Тіл – қатынас құралы. Тілдің  тағы басқа қандай функциясы бар?
 –  Тіл болмаса, ұлт бола ма?

2-тапсырма. Дала ойшылдары не дейді. Жадыңызда тұтыңыз!

Тіл адамның даңқын асырады. Адам ол арқылы бақыт табады (Жүсіп Баласағуни).

Адамға екі нәрсе тірек-тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі (Жүсіп Баласағуни).

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынұлы).

Егер ертең тілім жоғалар болса,  мен бүгін өлуге даярмын (Расул Гамзатов, авар ақыны).


3-тапсырма.   Ұлы ойшылдар сөздерінен не түсінгеніңізді айтыңыз. Өздеріңіз тіл туралы айтылған қандай нақыл сөздер білесіз? (Дәптерлеріңізге жазыңыз)

–Тілімізді сақтап қалу үшін не істеуіміз керек?
–Тілімізге жанашыр болып жүрген басқа ұлт өкілдерінен кімдерді білесіз?

4-тапсырма.  Жаңа сөздермен сөздікті пайдалана отырып жұмыс істеңіз.

 Рәміз, адамзаттық құндылықтар, аяғынан тік тұру, ынтымақтастық, көпір, өмірлік  ұстанымдар, ірге, елдік,  мәдени-әдеби құндылықтар.

5-тапсырма.  Мәтінді оқыңыз.

Тіл – ұлттың жаны
   
        Мемлекеттің туы, Елтаңбасы, Әнұраны сияқты «мемлекеттік тіл – еліміздің басты рәміздерінің бірі» деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап айтқандай, мемлекеттік тіл – мемлекеттің ажырамас бір бөлігі. Тіл – мемлекеттің  елдігін айқындайтын басты белгілердің бірі. 
        Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да мәдениеттен пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады.  
         Тіл – бір мемлекеттің аяғынан тік тұруына, оның жалғасуына ықпал ететін, сол мемлекеттің тәуелсіз екенін білдіретін құрал. Тіл адамдарды бір-біріне жақындастырып, олардың арасында бірлік, ынтымақтастықты  қалыптастыратын  негізгі  ірге.  Тіл – өткен мен келешек арасындағы көпір, ол бүтін бір ұлттың мәдени-әдеби құндылықтарын, білімін, өмірлік  ұстанымдарын,   кешеден бүгінге, одан  болашаққа   жеткізеді. 

6-тапсырма. Түсінігіңізді тексеріңіз.

1.    Елдіктің басты белгісі не?
2.    Тіл қандай құбылыс?
3.    Тіл қандай көпір?

7-тапсырма. Мәтінге сүйене отырып,  көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін қойып шығыңыз.

1.Тіл – ...................  айқындайтын басты белгілердің бірі. 
2. Тіл – адам ......... ғана емес, ............... болмысын көрсететін құбылыс. 
3. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ............ бұрын аталады.
4.  Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та ......... қатысуымен жасалады.  
5.  Тіл – бір мемлекеттің .............  ықпал ететін, сол мемлекеттің тәуелсіз екенін   білдіретін    құрал.  
6. Тіл адамдарды бір-біріне жақындастырып, олардың арасында ..........   қалыптастыратын  негізгі  ірге.  
7. Тіл – ..........  арасындағы көпір, ол бүтін бір ұлттың ............,   кешеден бүгінге, одан  болашаққа   жеткізеді. 

8-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

        Қазақ тілі –  қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – Республикамыздан тыс жерлерде тұрып жатқан қазақтардың да тілі. 
        Қазақтар шетелдерде 55 мемлекетте, соның ішінде КСРО-ның  бұрынғы барлық одақтас республикаларында және 41 алыс шет елде  тұрып жатыр. Қазақтардың басым бөлігі - Өзбекстанда, онда - 967 мың адам, Ресей Федерациясында – 687 мың адам, Түркіменстанда - 87 мың адам, Қырғызстанда – 42 мың адам, Украинада – 10 мың адам, Тәжікстанда – 10 мың адам, Әзірбайжанда – 4 мың адам, Грузияда - 3 мың адам, Молдовада – 2 мың адам, Латвияда  1 мың адам тұрады.  Алыс шет елдерде,  мысалы, Қытайда – 1 млн. 258 мың, Монғолияда – 83 мың, Ауғанстанда – 28 мың, Түркияда - 20 мың, Иранда 3 мың қазақ тұрады. 
      Қазақ  тілі  түркі  тілдерінің  қыпшақ тобына кіреді. Қазақ тілі ноғай, қарақалпақ тілдеріне өте жақын. 
      Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады.  1929 жылға дейін Қазақстанда қазақ араб жазуын пайдаланды. 20 ғ. басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасына негізделген араб-парсы әліппесін (төте жазу) пайдаланған, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл әліпбиі қолдануда. Түркия, Өзбекстан   және  Батыс елдеріндегі қазақтар әртүрлі латын жазуына негізделген әліппелерді пайдаланады.

9-тапсырма. Түсінігіңізді тексеріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.    Қазақ тілі түркі тілдерінің қандай тобына жатады?
2.    Араб графикасы қай кезге дейін қолданылды?
3.     Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік тіл статусына ие болды?

10-тапсырма. Өлең жаттайық!

Ал,   екінші бақытым – тілім менің,
Тас    түнекті тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде  дүниеден  түңілсем  де,
Қасиетті  тілімнен  түңілмедім!   (Мұқағали Мақатаев).

–    Ақын өлеңде не туралы айтты?
–    «Қасиетті тілімнен түңілмедім» деген жолдарды қалай түсінесіз?

11-тапсырма.  Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн!
Ілік, барыс, жатыс септіктері. 

Ілік септіктің басты грамматикалық мағынасы – меншікті заттың иесін білдіру. Сұрақтары: кімнің? ненің? Мысалы: Асанның үйі,  Алманың қаламы, Сәкеннің әні.
Ілік септік кей жағдайда жалғаусыз, нөлдік тұлғада қолданылады. 
Мысалы: ауыл Ǿ  баласы, мәдениет Ǿ үйі,  адам Ǿ баласы.

Барыс септік заттың, қимыл-әрекеттің кімге, неге, қайда бағытталғанын яғни бағытын (қалаға, мектепке),  қимылдың мақсатын (оқуға келді), мезгілін (екі айға созылды) қатысты затын білдіреді. Сұрақтары: кімге? неге?  Қайда? Мысалы: Апам қалаға кетті. Мен айнаға қарадым. Кітапты Гүлжанға бердім.

Жатыс септігі істің, қимылдың жасалу орнын, мезгілін, мекенін, көлемін білдіреді.  Кімде? Неде? Қайда? Мысалы: Батыста қызыл шапақ сәуле бозғылт тартты. Айжанда қызықты кітаптар көп. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. 

12-тапсырма.  Мәтіннен ілік, барыс,  жатыс септіктің жалғаулы сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

13-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

–    Тіліңіздің басына қиын жағдай   туды, қалай араша түсесіз?

14-тапсырма. Жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сәйкес келетін қосымшаларды қойыңыз.

1.    Тіл – мәдениет...  ажырамас бөлігі, ел мәдениеті тіл...  бастау алатыны белгілі. 
2.     Тіл  ұлттық   мәдениетіміз...  үлкен бір саласы болып саналатындықтан, ана тілді құрмет  тұту – мәдениет...  қойылатын талаптар...  бірі.
3.    Мемлекеттік тіл ұлтаралық тұрақтылық...  негізі болып табылады.
4.    Мемлекеттік тіл – мемлекет...   бет бейнесі.
5.    «Тіл – достық...  кілті, бірлік...  негізі, игілік...  бастамасы» деген сөз бар ел аузында. 
6.    Дүниедегі ең ауыр қайғы –  ұлты....  тілін  жоқ  ету. (А. Исанова. Қазақ тілі).

15-тапсырма. Мақал – сөздің мәйегі. Сөзіңіз құнарлы болсын! (Жаттап алыңыз)

1.    Өнер алды – қызыл тіл.

2.    Тіземнен сүріндірсең сүріндір,
        Тілімнен  сүріндірме.

3.    Тіл жүйріктен де озады.

4.   Ана тілі – бәріміздің анамыз,
      Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

5.   Ана тілің алпыс тілге татиды.

16-тапсырма.  Аударма жұмысы. 
      1. Ты думаешь, что освоение языка – это бесконечное восхождение по эскалатору, который едет вниз? Не спеши завидовать полиглотам! Просто узнай их секреты и мысли о твоей бездарности уйдут навсегда.
      2.Чтобы общаться,  читать и просто понимать прочитанно, тебе достаточно знать 1500 слов. Ты их выучишь за каких-то три месяца, если будешь заучивать каждый день всего лишь по 15 слов.  Прибавь к ним 1500 все производные от них, и список узнаваемых слов многократное пополнится автоматически.
    3.Главное – это регулярность. Занимайся языком везде, где только можно, – дома, в автобусе ... И помни, что самая темная ночь – перед рассветом. 
    4. Правильный выбор словаря делает процесс изучения языка приятным, легким и нераздражающим. Найди милый твоим сердцу и глазу размер, цвет, шрифт, и эффективная разработка извилин тебе обеспечена.  Заглядывай в словарь почаще.
5. Одно из главных условий быстрого освоения языка – много читать вслух. Причем начинать надо с  самых простых, элементарных текстов. Радость от узнавания слов стимулирует желание двигаться дальше. Не надо пренебрежительно  говорить: «Это примитивная книжка, она намного ниже моего уровня!» Необходимо развить и закрепить в себе чувство победы на первом этапе. Это тот случай, когда важно не качество,  а количество. В общем, читать, читать и еще раз читать.
6.Выучить язык –  это все равно что взять штурмом город. Только не покидай с таким трудом завоеванное место! Чтобы не забыть усвоенное, раз в неделю открывай любую книжку на изучаемом языке. Но не стоит  переживать во время вынужденного простоя – язык, которым ты когда-то серезно занималась, всегда можно восстановить. Даже спустя несколько лет!
7.    Король Карл V произнес: «Сколько языков ты знаешь, столько раз ты – человек!»
     Интересно, сколько раз ты человек? («Cosmopolıtan» журналынан).

Есіңізде сақтаңыз!
   1989 жылы «Тілдер Заңы» қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі статусына ие болды. 1993 жылы 28 қаңтарда бұл статус  ҚР жаңа Конституциясында тұрақталып бекітілген. 
    1997 жылы «Тілдер Заңы»  Парламентте қайтадан талқыланып, ҚР Президенті жарлығымен бекітілді.
    1997 жылы жаңа «Тілдер Заңы» қабылданып, қазақ тілі – ҚР мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.   

Сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз:

Мемлекеттік    ~          диаспорасы
Ұлттық            ~           тобы
Атқарушы      ~            құндылықтар
Қазақ               ~           органдар
Тілді               ~             өкілдік
Қыпшақ        ~             тіл
Араб        ~                 жүргізу
Іс қағаздарын ~          графикасы

Тест тапсырмалары

1.    Қазақ тілі Қазақстан Республикасының ..... тілі

А.  Белгілі
Б.  Жетекші
С.  Тәуелсіз
Д.  Мемлекеттік

 

2. Қазақ тілі түркі тілдерінің .... тобына жатады.

А.  Оғыз
Б.  Қыпшақ
С.  Қарлұқ 
Д.  Бұлғар

3. Тіл – өткен мен келешек арасындағы ...  .

А. Байланыс
Б.  Көпір
С. Құрал
Д. Тарихи белгі

4. Барыс септігінің жалғауын қажет ететін сөз қайсы?

А. Тіл... құрмет
Б. Тіл... қастерлеу
С. Тіл...  Заңы
Д. Тілім... түңілмедім

Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:

1.    Қазақ тілі қандай тіл?
2.    Тілдің қоғамдық қызметі  қандай?
3.    Жатыс септігі дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
4.    Ілік, барыс септіктеріне мысалдар келтіріп, сұрақ қойыңыз.
5.    Ілік, барыс, жатыс септіктерінің жалғауларымен сөйлем құраңыздар.
6.    Орыс графикасы қай жылдан бастап қолданылуда?
7.    Қазақ тілі түркі тілдерінің қандай тобына жатады?
8.    Тіл туралы заң қашан қабылданды?

СОӨЖ тапсырмасы.  Тіл туралы заңды талқылау. 

СӨЖ тапсырмасы. «Ана тілің – арың»  деген тақырыпта шағын шығарма  жазыңыз.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
4-бап.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
    Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
    Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
    Қазақстан Республикасының  барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін  және тегін меңгеруге   қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
    Қазақ  диаспорасына ана тілін сақтауды және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

 

Категория: Қазақстан және қазақтар туралы | Добавил: Manager (25 Ноября 2017)
Просмотров: 208 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar